Жаңалықтар тізбегі
0

Әдеп жөніндегі кеңес міндеті – туыстық пен мүдделер қақтығысына жол бермеу

ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2021 18:42 ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті
Мемлекеттік тәртіпті нығайту және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу – Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттерінің бірі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өз қызметінде мемлекеттік тәртіпті нығайту және әдеп бұзушылықтарына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударады.

Бұл бағытта Әдеп жөніндегі кеңестеріне ерекше рөл берілген. Аталмыш алқалы органдар мемлекеттік тәртіпті нығайту мәселелерін қарастыра отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу сұрақтарында аса маңызды орын алады.

Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар бойынша материалдарды қарау жайттарының өзі мемлекеттік қызметшілер үшін де, сондай-ақ бұзушылық жасауға бейім азаматтар үшін айтарлықтай алдын алу әсеріне ие.

Әдеп жөніндегі кеңестердің негізгі міндеттерінің бірі – қылмыстық емес, тәртіптік сипаттағы мемлекеттік аппараттағы: заңсыз артықшылық, туыстық белгілері бойынша қолдау көрсету, мүдделер қақтығысы тәрізді бұзушылықтарға шара қолдану жолымен күресу.

Әрине, Әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысының маңызды бір бағыты мемлекеттік қызметшілердің жоғары моральдық-әдеп қасиеттерін қалыптастыруда оң ықпал ету, олардың Әдеп кодексін мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету болып қала беретіні сөзсіз.

Кеңес қызметінің кейбір нәтижелері де осы тәсілдердің жоспарлы түрде іске асырылып жатқанының айғағы болып табылады.

Осылайша, 2020 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 10 отырысы өткізілсе, соның ішінде 8-і онлайн нысанда ұйымдастырылды. 72 мәселе қаралып, олардың 54–і немесе 75%-ы алдын алу сипатына ие мәселелер (мемлекеттік органдар басшыларының мемлекеттік тәртіпті нығайту жайлы есептері, Әдеп жөніндегі уәкілдер мен тәртіптік комиссиялар қызметінің нәтижелері), ал 18-і тәртіптік істер.

Талдау көрсеткендей, жоғарыда аталған 18 тұлғаның 14-і мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін және 4-і Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Көрсетілген кезеңде Әдеп жөніндегі кеңеспен 1 аудан әкімінің, 1 аудан әкімі орынбасарының, 3 ауылдық округ әкімдерінің, сондай-ақ бірқатар облыстық және аудандық мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігі қаралды.

Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 16 мемлекеттік қызметші «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» және 2 лауазымды адам "қатаң сөгіс" түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Көбінесе қызметшілермен мемлекеттік сатып алу, сәулет, құрылыс, жер қатынастары салаларындағы бұзушылықтарға жол берілген, сондай-ақ басшылардың өзіне бағынысты тұлғалармен өзара іс-қимылы барысында Әдеп кодексінің нормаларын бұзу орын алады.

Осы бұзушылықтарды ескере отырып, оларға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы түсіндіру, оның ішінде қарамағындағы бағыныстылармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігі және саяси қызметшілердің отставкаға шығуы институтын іске асыру бойынша семинарлар тұрақтв өткізілуде. Коронавирустық пандемияға байланысты жағдайды ескере отырып, алдын алу сипатындағы іс-шаралардың көпшілігі онлайн нысанында өткізілді.

Бүгінгі уақытта әрбір мемлекеттік қызметші өз міндеттерін кәсіби және сапалы атқаруға, жұмыс кестесін сақтаудан бастап, қоғамдағы мінез–құлқынмен байланысты тәртіпті қатаң сақтауға ұмтылуы тиіс.

Жоғары деңгейдегі әдеп пен кәсіби дағдылар тиімді мемлекеттік аппараттың кепілі болып табылады.

Әдеп жөніндегі кеңес өз құзіретінің шеңберінде бұдан әрі мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауы бойынша мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылық пен тәртіпті нығайтуға оң ықпалын тигізуге бағытталған жұмысын жалғастырады.

Дархан Хайруллин,

ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: