ШҚО-да мұғалімді ұрып жыққан Nur Otan мүшесі қырсық мінезді екен

5 Сәуір 2021, 15:31
Сурет: malim.kz

Сәуірдің 1-і күні ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында жергілікті мәслихат депутаты Сержан Омарбеков Біләлов атындағы мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Өмірхан Қанағатовты соққыға жыққан, деп хабарлайды zakon.kz malim.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен сабақтан 11-50-де шықтым. НВП мұғалімі Мұхат Иманжановтың кабинетіне депутат (Сержан Омарбеков – ред) келіп отыр екен. Содан амандасып, әңгімелестік. Содан ол маған "Өмірхан сен осы аудан деген мәселені неге көтере бересің, неге жаза бересің?", – деді. Мен оған "Секе, осыған бола ренжіспей ақ қояйық", – дедім. "Ренжіспейік деп айтатын сен кімсің?" деді де, орындықта отырған жерімде шекемнен бір ұрып құлатты", – дейді Қанағатов.

Өмірхан Қанағатовтың айтуынша, депутат оқиға орнына полиция келген уақытта "ешкімді ұрған жоқпын, кешірім де сұрамаймын" деген.

"Полиция келді де "қойыңыздар, ұят болады, сіз депутат, сіз мұғалімсіз, бір-бірлеріңізден кешірім сұраңыздар",- деп айтты. Бірақ депутат: "Кешірім сұрамаймын. Мен оны ұрған жоқпын, ол басын қабырғаға соқты", – деді. Ал кабинетте болған (Омарбековтің сыныптасы) Мұхтар Иманжанов көргенін айтпай қойды…", – дейді Қанағатов.

Мәселенің мән-жайын білу үшін депутат Сержан Омарбековтің жұмыс орнына телефон соққанымызда тұтқаны ешкім көтермеді. Бұған дейін аталмыш оқиғаға байланысты "Nur Otan" партиясы әлеуметтік желіде арнайы мәлімдеме жариялаған. Онда партияның мәселені бақылауға алғаны жөнінде және депутат кінәлі болса, тиісті шаралар қолданылатыны жөнінде айтылған.

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында депутаттар төңірегінде дау бұған дейін де болған. Осыдан біраз уақыт бұрын "Ақ жол" партиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Қайрат Дәкеров Тарбағатай ауданын екіге бөліп, Ақжар аймағына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынған. Бұл әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланып, елдің сынына ұшыраған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?