Педагогикалық мамандықтар бойынша грантқа ілігудің шекті баллы ұлғайтылды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2021 22:53 inform.kz
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" саласы бойынша кемінде 65 балл қажет.

Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін:

"Педагогикалық ғылымдар" саласы бойынша кемінде 75 балл;

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" саласы бойынша кемінде 65 балл;

"Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл;

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары оқу ұйымдарына кемінде 50 балл қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: