Жаңалықтар тізбегі
0

Путин президенттік мерзімін "нөлден бастайтын" заңына қол қойып алды

Kremlin (TASS), сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2021 15:21 Kremlin (TASS)
Владимир Путин Ресей билігінде 2000 жылдан бері отыр.

Дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин бірнеше заңдарға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның ішінде өзінің президенттік мерзімін "нөлден бастайтын" заң да бар.

Құжатқа сәйкес, президент мерзімін қатарынан екі рет атқарған Ресей азаматы қайтадан сайлана алмайды. Бірақ бұл заң талаптарының қазіргі президентке қатысы жоқ. Сол себептен Владимир Путин алда тағы екі рет сайлауға түсе алады, деп жазады centralasian.org.

Владимир Путин Ресей билігінде 2000 жылдан бері отыр. Ол 2000 жылы және 2004 жылы екі рет президент болып сайланды.

2012 жылы Путин үшінші рет сайлауға түсті. Ол кезде президент мерзімін төрт жылдан алты жылға дейін ұзартылды. Ол 2018 жылы төртінші рет президент болып сайланды. Енді жаңа заң күшіне енгеннен кейін ол 2024 жылы да сайлауға түсе алады.

Путин 2020 жылдың маусым айында алдағы сайлауға қатысуы мүмкін екенін жеткізген. "Мен өзім үшін әлі ешнәрсе шешпедім. Егер Конституцияға өзгерістер енгізілсе, көреміз", - деген ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: