Қарағанды облысында бір ауылда 34 адам коронавирус жұқтырды

6 Сәуір 2021, 12:17
Сурет: baigenews.kz

28 наурыз бен 4 сәуір аралығында Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Алғабас ауылының тұрғындары арасында COVID-19-дың зертханалық расталған 34 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Қарағанды облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Науқастар Жезқазған және Сәтбаев қалаларының инфекциялық стационарларына жатқызылды.

Алғабас ауылында 250-ден астам адам тұрады, аудан орталығынан қашықтығы 90 шақырымнан асады.

Басқарма мамандарымен эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Алғабас ауылына шығу жүзеге асырылды, байланыста болған адамдар тобы анықталды, індеттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шаралар жүргізілуде.

Эпидемиологиялық тексеру барысында ауыл тұрғындары арасында індетті жұқтыру көзі ауылдан тыс жерлерге шыққан ауыл тұрғыны болғаны анықталды.

Жергілікті санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы шектеу іс-шараларын енгізу туралы қаулы шығарды, санитарлық бекет орнатылды, оқушылар 18 сәуірге дейін қашықтықтан оқытуға көшірілді, 13 үй ошағы орнатылды, байланыста болғандар тобы анықталды (20 адам). Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?