Қазақстанда кейінгі тәулікте 34 адам коронавирус жұқтырды
Сурет: pixabay
Қазақстанда 2023 жылғы 22 сәуірдің қорытындысы бойынша 34 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, кейінгі тәулікте коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырғандар анықталмаған. Сонымен бірге өлім дерегі де тіркелмеген.
23 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 319 адам коронавирус инфекциясынан, олардың ішінде 164 пациент стационарда, 1 155 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр;
- 0 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 0 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript