Түркіменстан валютасы қатты құнсызданып кетті

6 Сәуір 2021, 16:11
Сурет: Shutterstock

Түркімен ұлттық валютасы екі аптадан бері құнсызданып жатыр. Қара базарда 1 доллар 40 манат тұрады. Валюта биыл қаңтардағы бағаммен салыстырғанда 50 пайызға құнсызданған, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Манат бірнеше айдан бері құнсызданып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, манат девальвациясына жақында түркімен-иран шекарасының ашылуы әсер еткен.

Түркиядағы еңбек мигранттарының елге ақша жіберуді азайтуы да манаттың құнсыздануын тездеткен.

Биыл қаңтар айының ортасында 1 доллар қара базарда 27-28 манатқа сатылған. 3 сәуірде Ашғабадтағы қара базарда доллар бағамы 38 манат болса, кешке қарай 40 манатқа жеткен.

Түркіменстан Орталық банкі доллардың ресми бағамын 2015 жылы 3,5 манат деп белгілеген. Ресми бағам содан бері өзгерген жоқ. 2016 жылы қолмақол ақшаны шетел ақшасына айырбастауға тыйым салынды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?