Сарқан қаласында көлік тізгіндеген оқушы 4 жасар баланы қағып кетті

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 19:59 Сурет: Zakon.kz
Сарқан қаласында 23 сәуірде кешке қарай 4 жасар баланы көлік қағып кетті. Шетелдік көлікті 15 жастағы оқушы тізгіндегені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болды. 4 жасар бала Honda Odissey автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, аудандық ауруханаға жеткізілген кезде жан тапсырды. Белгілі болғандай, шетелдік көлікті 15 жастағы оқушы басқарған.


"Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды", делінген полиция хабарламасында.

Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: