Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 19:32 Сурет: Zakon.kz
Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 шілде сағат 18:52-де Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне медицина қызметкерлерінен "ЖБМЖ, МШ, төменгі жақтың сынуы, төменгі еріннің жаралары" диагнозымен зардап шеккен кәмелетке толмаған баланың ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары орталық базар аумағында 5 жасар баланы көлікпен қағып кеткені анықталды.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат - Солтүстік Қазақстан облысының 49 жастағы тумасы. Тексеру барысында Toyota Avensis жүргізушісі базар аумағынан шығып бара жатып, баланың жолға қалай жүгіріп шыққанын көрмегені және соққының салдарынан нәрестені артқа қарай лақтырып жібергені анықталды. Ата-аналар баланың алдында жүріп келген.

Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сараптама тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: