Екібастұзда автобус ұл баланы қағып кетті

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 01:55 Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда автобус ұл баланы қағып кетті, полиция тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  9 қараша күні сағат 08.00 шамасында Higer маркалы автобус жүргізушісі Абай - Шахтер көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

"Жеткіншек реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент.

Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: