Ақылы жолдар жайында: Жол бойындағы сервис ақысына тати ма?

6 Сәуір 2021, 16:34
Сурет: inform.kz

2025 жылға дейін барлық жол Ұлттық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз етіледі. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандары бойынша талаптар бекітілген. Оларды дамыту жұмыстарын "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Жыл сайын өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қызметтердің барлық спектрін көрсететін жаңа заманауи нысандар салынады, қазір қолданыстағы нысандар халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтірілуде.

Бүгінгі таңда республикалық автомобиль жолдары бойында 1854 қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 1070 нысан ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Жыл соңына дейін 125 нысан салынады. Оның ішінде зәкірлі инвесторлар есебінен санитарлық тораптары мен тамақтану пункттері бар 38 жанармай құю станциясы, жеке инвестициялар есебінен және қайта жөндеу жұмыстары аясында 87 бірлік санитарлық-гигиеналық торап салынады. Биыл нормативтік талаптарға сай келетін нысандар үлесі 66% (1322 бірлік) дейін жеткізіледі. 2025 жылға дейін қосымша 400-ден астам заманауи нысан салынады. Жол бойындағы қызметтің барлық нысаны нормативтерге сәйкес келтіріледі, делінген Үкімет басшы сайтындағы мәліметте.

Атамқұловтың айтуынша, жаңа трассалық кешендер құрылысы бойынша Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары оң нәтиже көрсетіп отыр.

"Реконструкциядан өткен автожолдарды күтіп-ұстау үшін ақылы жолдар іске қосылуда. Ол шығындарды толық жабуға және республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ақылы учаскелер қазіргі заманғы қауіпсіздік талаптарын және қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Наурыз айында 5,8 мың шақырым жол ақы алу жүйесі бойынша пайдалануға берілді", — деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Жыл соңына дейін 25,6 млрд теңге алым жиналады деп жоспарланған. Қалған 5,2 мың шақырым жолда реконструкция жұмыстарының аяқталуына қарай ақылы жүйені 2024 жылдың соңына дейін енгізу жоспарланып отыр. Жергілікті автожолдар желісін дамытудың маңызы зор. Жергілікті жолдардың ұзындығы 71 мың шақырымды құрайды. Атқарылған жұмыстар есебінен өткен жылдары жергілікті жолдардың 75%-ы нормативтік жағдайға келтірілді. Бүгінде өңірлер арасындағы облыстық және аудандық жолдардың жағдайы әртүрлі.

Атамқұлов Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарының жол желісін жақсарту және тепе-тең қаржыландыру қағидатын сақтау жөніндегі жұмыстарын атап өтті.

Биыл жергілікті жолдар желісін дамытуға 119 млрд теңге қарастырылған. Бөлінген қаражат есебінен жол жөндеу жұмыстарының барлық түрімен 1,3 мың шақырым жол қамтылады. 2025 жылға дейін 27 мың шақырым жол жұмыстың барлық түрімен қамтылады және жолдардың 95%-ын нормативтік жағдайға жеткізу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірге жергілікті маңызы бар жолдар желісінің жағдайын жақсарту бағытында пәрменді шаралар қабылданады. Жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасына және олардың жағдайын диагностикалауға ерекше назар аударылады.

"Жұмыс нәтижелері оң болды. Атап айтқанда, мердігерлік ұйымдар мен техникалық қадағалау сарапшылары материалдардың сапасы мен технологияның сақталуына баса назар аудара бастады. Биыл республикалық және жергілікті желілер бойынша жол-құрылыс жұмыстары толық сапа сараптамасымен қамтылады. Құралдық тексеру республикалық жолдар желісінің 18 мың шақырымына жүргізіледі. Оның нәтижесінде жөндеу жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленеді", — деді министр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?