Алматыда екі үйлену тойы тоқтатылды

7 Сәуір 2021, 09:14
Сурет: видеодан кадр

Алматыда екі үйлену тойы тоқтатылды. Қонақтардың арасында қарттар мен балалар болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда қаланың Бас санитар дәрігері бекіткен карантиндік нормаларды бұзушы нысандарды анықтау бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Осы жылдың 5 сәуірінен 6 сәуіріне қараған түні белгіленген шектеулерге қатысты 13 бұзушылық анықталды. Анықталғандардың жалпы санынан: 9 нысан мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендерге, 4 компьютерлік клубқа жатады. Аудандық полиция басқармасына барлығы 25 адам жеткізілді.

Анықталған бұзушылықтар арасында:

- Әуезов ауданында "Шашлычная на Яссауи" дәмханасы жұмыс істеген, онда шамамен 40-қа жуық келуші болған.
- Бостандық ауданында "G-Play" компьютерлік клубы қызмет еткен, онда 50-ге жуық адам болған.
- Медеу ауданында "Айлин" банкет залы қызмет еткен, онда 40-қа жуық адам болған.
- Медеу ауданында "Ритм" банкет залы қызмет еткен, онда шамамен 50-ге жуық адам болған.

Кеше 2 үйлену тойы тоқтатылды. Мейрамханаларда, жабық ғимараттарда адамдардың жаппай жиналғаны анықталды. 100-ге жуық қонақ болған, оның ішінде жұқтыру қаупі әлдеқайда жоғары топтағы егде жастағы адамдар да, балалар да бар. Қала тұрғындарын өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, - деді Медеу ауданы әкімдігі жанындағы мониторингтік топтың мүшесі Қайрат Нұрқасымов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?