Шымкенттегі дәмханалардың бірінде 11 адам астан уланып қалды
otyrar.kz
Оқиға 5 -ші тамыздан 6 -сына қараған түні орын алған.
Қаладағы тамақтану орындарының бірінде астан жаппай улану оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды otyrar.kz Түркістан облыстық Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Мерекелік кешкі астан кейін 11 адам өздерін жайсыз сезініп, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Оқиға 5 -ші тамыздан 6 -сына қараған түні орын алған.
Аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК «Санитарлық және гигиеналық талаптарды бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript