Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Мақтаарал ауданында қабылдау өткізді

7 Сәуір 2021, 09:45
Сурет: Арайлым Тастемір

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қоғамдық қабылдауға аудан әкімі Бақыт Насырханұлы, жергілікті округ әкімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг топ мүшелері, Түркістан облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, "Мақтаарал - Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі қатысты.

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалған жиында Иіржар ауылдық округінің 6 елді мекенін газдандыру үшін қолбайлау болып отырған қаржы мәселесін оңтайлы шешу, Еңбекші ауылдық округіне қарасты Нұрлы таң елді мекенінің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, егістік жерлердің мелиоративті жағдайын жақсарту, жерасты суының төмендеуіне ықпал ету мақсатында тік дренаждарды іске қосу, ауыспалы егісті тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, мақтааралдықтар Нұрлыбаев ауылдық округінің Өркен елді мекенінде 2019 жылы басталған 100 орындық бастауыш мектептің құрылысының әлі аяқталмағанын алға тартты.

Аудан азаматтарын алаңдатқан проблемалық мәселелерге құлақ түрген Хаким Дүйсешұлы шешілу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта аталған мәселелерді өз бақылауына алатынын жеткізді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?