Жаңалықтар тізбегі
0

Ердоғанмен кездесуде Еврокомиссия басшысына орын табылмай қалды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2021 21:50 видеодан алынды
Қабылданған нормаларға сәйкес, мұндай келіссөздер кезінде бұл орын аудармашылар мен басқосудың басқа қатысушылары үшін сақталады.

Кеше Анкарада Ердоғанның Урсула фон дер Ляйен мен Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишельмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Еуропалық Кеңестің басшысына орын табылмай қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеода Еуропалық Кеңестің басшысына мәжіліс бөлмесінде орын жетпей қалғаны көрінеді, өйткені кездесуге арналған алаңда тек екі орындық болған. Ақырында оның біріне Мишель отырғызылды, ал фон дер Ляйен дипломатиялық хаттамаға сәйкес, төмен дәрежелі Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуға қарсы диванға отыруға мәжбүр болды.

Қабылданған нормаларға сәйкес, мұндай келіссөздер кезінде бұл орын аудармашылар мен басқосудың басқа қатысушылары үшін сақталады.

Еуропалық парламенттің мүшесі, депутат Софи ин’т Уэльд бұл жағдай кездейсоқ болмады деп санайды. Сондай-ақ ол Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишель неге ешқандай шара қабылдамады деп алаң.

Еуропалық институттар басшыларының Ердоғанмен келіссөздері кезінде экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ босқындар мәселелері талқыланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: