Теңіздегі зауыттан жарты сағат бойы сары түтін будақтаған. Экологтар дабыл қақты

видеодан алынды видеодан алынды
Бұл оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, оның мән-жайлары анықталып жатқаны да хабарланды.

7 сәуірде Атырауда Теңіз кенішіндегі мұржадан ауаға сары түтін будақтай жөнелген, деп хабарлайды zakon.kz.

Экология министрлігі 7 сәуірде "Теңізшевройл" ЖШС-ның ластаушы заттардың ауаға таратуы фактісі бойынша тексеру жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді.

"2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған. Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған. Жарты сағаттан кейін зауыттың дабылы іске қосылды. 10 минуттан соң ауаға ластаушы заттың бөлінуі тыйылды, делінген Экология министрлігі хабарламасында.

Бұл оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, оның мән-жайлары анықталып жатқаны да хабарланды.

"Атырау облысы бойынша экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты "Теңізшевройл" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады", - деді құзырлы ведомствадағылар.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз