Астанада бетон араластырғыш жүк көлігі автобуспен соқтығысты

Жол апаты, Астана, бетон араластырғыш жүк көлігі, автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 18:47 Сурет: pixabay
6 қарашада Астанадағы Тұран даңғылында жол апаты орын алды. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, бетон араластырғыш жүк көлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, салдарынан аялдамада тұрған автобуспен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп атап өтті Астана қалалық ПД.

Айта кетсек, Қостанай облысында полиция көлігінің апатқа ұшырауына мас ауыл тұрғыны түрткі болған. Тексеру барысында полиция көлігі ішіндегі мас тұрғын учаскелік полиция қызметкерінің көлік жүргізуіне кедергі келтіргені анықталды. Салдарынан көлік кюветке ұшып, аударылған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: