Оралда жолаушылар автобусы мен КамАЗ ауыр жүк көлігі соқтығысты

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 18:17 Сурет: куәгерлер түсірген
Жол апаты Сырым Датов көшесіндегі "Дина" гипермаркетінің маңында сағат 15:00 шамасында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 36 жастағы КамАЗ жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін елемей, №39 жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

"Қоғамдық көлікте 8 адам болған. Қазіргі уақытта екі жүргізуші де медициналық куәландырудан өтуде. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберілді", – деп жазады "Мой город" порталы.

Жол апатына түрткі – КамАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы, яғни "ЖҚЕ бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Сурет: куәгерлер түсірген


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: