Жаңалықтар тізбегі
0

"Cаяси тұтқын" Әсет Әбішевтің түрмеде тамырын кескені хабарланды

Kazis Toguzbaev (RFE/RL), сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2021 21:19 Kazis Toguzbaev (RFE/RL)
Бұған дейін сот оның жазаны жеңілдету туралы өтініштерін бірнеше рет қанағаттандырмады.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тағы парақшасында "саяси тұтқын" Әсет Әбішевтің түрмедегі "заңсыз тінтулерге" қарсылық ретінде өзінің тамырын кескенін хабарлап, дабыл қақты. Құқық қорғаушы оның "қажетті медициналық көмек алмағанына" да наразы болғанын айтты, деп жазады centralasian.org.

Шұғыл! Заречныйдағы ЛА-155/14 мекемесінде отырған Әсет Әбішев ар-намысты қорлаған заңсыз тінтуге қарсылық ретінде екі қолының тамырын кесті! Қазір жағдайы ауыр күйде айыппұл изоляторында жатыр. Өміріне қауіп төніп тұр" деп жазды құқық қорғаушы. Ол адам құқығы жөніндегі уәкілден тұтқынның жағдайын білу үшін түрмеге баруды талап етті.

Сенімді дереккөзге сүйенген құқық қорғаушының Азаттыққа айтуынша, оқиға 7 сәуірде болған. Әсет Әбішев санитарлық бөлімде жатқанмен "оған қажетті дәрежеде ем көрсетілмеген, қажетті дәрі-дәрмек берілмеген". Бұған қарсылық ретінде Әбішев тамырын кескен. Түрме әкімшілігі оған медициналық көмек көрсетіп, емдеудің орнына айыппұл изоляторына қамаған.

Туыстарының айтуынша, Әсет Әбішев бұған дейін түрмеге әскер кіргізіліп, заңсыз тінту болғанын, өзін арнайы жасақтың ұрып-cоққанына шағымданған.

Азаттық тілшісі 8 сәуірде Әсет Әбішев отырған ЛА-155/14 мекемесіне хабарласып көрді. Бірақ қабылдау бөлмесіндегі телефон тұтқасын алған Әлия Кәкенова есімді қызметкер "ондай ештеңе естімедік, бастықтарды бәрі сыртта жүр" деп айтты. Ресми орындар әзірге түсініктеме бермеді. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі кейінірек хабарласуды өтінді.

Белсенді Әсет Әбішев "қылмыстық ұйымды қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысты" (нақты жағдайда Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы, оны Қазақстан соты экстремистік ұйым деп танығанмен Еуропарламент бейбіт оппозициялық ұйым деп атаған) деген айыппен 2018 жылғы қараша айында төрт жылға бас бостандығынан айырған.

Бұған дейін сот оның жазаны жеңілдету туралы өтініштерін бірнеше рет қанағаттандырмады.

Қазақстандық құқық қорғаушылар белсендінің саяси себеппен қудаланғанын айтып, оны "саяси тұтқындар" тізіміне енгізген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: