Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда күйеуі әйелінің жон арқасына пышақ сұғып алды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 21:59 pixabay.com
Ол бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Атырауда күйеуі баласының көзінше әйелінің арқасына пышақ сұғып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

12 сәуірде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі, "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс әкімшілік сотта қаралды. Алайда ерлі-зайыптылар сотта татуласып, іс орта жолдан жабылды. Биылғы жылдың 24 шілдесінде әйел күйеуінің қоқан-лоқы көрсеткеніне шағымданған. Жәбірленушінің арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы, "Қорқыту" бойынша іс қозғалды. Бұл азамат әйелінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін сотпен үш күнге қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасап, "Мой город".

ҚР Қылмыстық кодексінің 115 -бабы бойынша тіркелген қылмыстық іс сотқа жіберіледі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 30 жастағы әйелдің ауруханаға 22 тамыз күні кешке кеуде тұсына сұғылған пышақ жарақатымен келіп түскенін хабарлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: