Жаңалықтар тізбегі
0

Опырылып жатыр: тау бөктерінде тұратын халықтан маза кетті

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2021 21:49 видеодан кадр
Жанын шүберекке түйіп, мазасы қашқан жұртқа күтуден басқа амал жоқ.

Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Медеу ауданының тау бөктеріндегі сырғыма жыл өткен сайын жер үйлердің қоршауына жақындап келеді екен. Ал бір шеті кәдімгідей құзға айналған. Бұған тұрғындар қатты алаңдаулы. Бұл жолмен көліктерден бөлек, мектепке баратын балалар да жүреді екен. Ал бұған дейін бірнеше адам құлап, темір тұлпар түсіп кетті дегендер әкімдіктің ешқандай шара қолданбай жатқанына ашулы, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Тау бөктерінде тұратын жұрттың көктем келген сайын үйінді астында қаламыз ба деген үреймен күн кешуде. Бұған себеп онсыз да ой-шұқыр болып ойылып жатқан жолдың опырылып түсе бастауы. Бұрын жан-жағын ағаш қоршап қауіпсіз болса, енді соның бірде-біреуі қалмады деп қынжылуда. Барлығы түп-тамырымен өзенге қарай құлап жатқан көрінеді. Бұған дейін бірнеше рет адам, тіпті темір тұлпардың өзі де құлағанын көргендер енді балаларымыз үшін алаңдаймыз деп отыр.

Ташкүл Асанова, қала тұрғыны:

Балаларға да қиын енді. Мына жерден бір машина құлап ішіне бір-ақ түсіп кеткен. Ағаштар, слива бәрі болған. Енді қазір түбімен қопарылып кетті ғой. Түсіп кетті речкаға. Қысты күні мына жерде мұзда ойнайды балалар. Түсіп кете ме деп қорқасың, артынан жүгіріп жүресің.

Тұрғындардың айтуынша, бұрын мұнда қарсы келген екі көлік емін-еркін сыйған екен. Ал, қазір ығысып жол берумен қозғалады дейді. Ал, жақын уақытта тағы да опырылып түскенін көргендер енді атқамінерлерден көмек сұрауда.

Арина Клепикова, қала тұрғыны:

Бұл опырылып түсудің барлығы біздің өмірімізге қауіп төндіруде. Салықты да басқасын да дер кезінде төлеп отырғандықтан, жоғарғы жақтан бізге көмектесуін сұраймыз. Өйткені, мұнда ешқандай жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Жолдың түрі де адам шошырлықтай. Біз өз есебімізден жасайын деп едік, бірақ тым көп шығады екен.

Көпшіліктің уәжінен кейін мұнда қызыл жолақ ленталар байланған. Бірақ, бұл оқыс оқиғадан сақтайды деген сөз емес дейді жиналғандар. Ал, төтенше жағдай қызметіндегілер қала бойынша дәл осындай орындарды анықтап, құжаттарын әзірлегенін жеткізді. Осы күнге дейін 81 сырғыма қауіпі бар аймақ анықталыпты. Оның 16-сы жоғарғы, 16-сы орташа және 45-ті төмен қауіпті екен. Енді қаражат мәселесі шешілсе ары қарай шешімі де табылар дейді.

Алмас Құрманов, қалалық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы:

Былтыр біз бұл участокті обследование жасаған кезде бұл жерде 1-2 метр шеті болған. Бірақ, сырғымаға қауіпті участок ретінде есепке алдық. Енді қазір қаржы мәселесі қандай іс-шаралар қолданылатыны қарастырылатын болады. АКТ жасаймыз. АКТ-тың қорытындысы бойынша ары қарай шешімдер қабылданатын болады.

Бүгінге дейін Бостандық, Медеу және Наурызбай ауданындағы 7 орынның қауіпі жойылып, толықтай жөнделген. Ал, мына бір опырылған орын екі жылдан бері назарларында екен. Бірақ, ешқандай әрекет жасамапты. Енді айналма жолдың мәселесі шешілсе бұл маңды жабу туралы шешім шығады дейді жауаптылар. Ал жанын шүберекке түйіп, мазасы қашқан жұртқа күтуден басқа амал жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: