Жаңалықтар тізбегі
0

Жаркент тұрғындары жерлерін 10 жылдан бері заңдастыра алмай жүр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2020 20:50 видеодан кадр
Тұрғындарға енді тек, Үкімет қаулысын күтуден басқа амал жоқ.

Жекеменшік жерлерін 10 жыл бойы заңдастыра алмай отыр. Алматы облысына қарасты Жаркент қаласындағы 10 шақты үй орман алқабында қалып қойған. "Мәселемізді айтып, бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Енді, жатсақ-тұрсақ басымыздағы баспанамыздан айырылып қаламыз ба деп, алаңдап жүрміз" дейді жұрт.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл – Жаркент қаласының іргесіндегі атауы жоқ шағын елді мекен. Ел арасында "Инкубатор" аталып кеткен. Кезінде үйрек фермасы болған екен. Қазір мұнда 30-дан астам отбасы тұрады. Алайда, соның оншақтысы баспанасының құжатын әлі күнге заңдастыра алмай келеді. Өйткені, жер телімінің жартысы, яғни, үй тұрған бөлігі орман шаруашылығы аумағына еніп тұр.

Бауыржан Мұғалімхан, Панфилов ауданының тұрғыны:

97-ші жылы өзімізге жекеменшікке аударып берген. Содан жездеміз қайтыс болып, апайымыз үйді атына аударайын десе, аудара алмай отыр. Жер сіздерге тимейді. Бұл лесхоздың жері. Содан бері қаншама жүгірдік. Ешқандай баланста жоқсыздар деп бізді шетке тастайды.

Бәтима Хоралдайқызы, Панфилов ауданының тұрғыны:

Бірақ, үй өзіміздікі, жер енді жоқ. Басыңдағы үйіңді қайда әкетсең, онда әкет. Біздің неміз жоқ. Сосын біз онда жүгірдік, мында жүгірдік. Талдықорғанға бардық, не астанаға апар деді. Оған бардық. Түк те жоқ. Сомен тарығып отырмыз, міне. Мысалы, мен кәртейдім. Мынау қолымдағы бала. Осы балаға мұралыққа қалдыруым керек.

Тұрғындардың қолдарында жер теліміне жекеменшік құқығын беретін мемлекеттік актісі де бар. Осыдан 13 жыл бұрын алған. Ол кезде комиссия жерді қалай заңдастырып бергені белгісіз. Бірақ, қазір оның заңдық күші жоқ көрінеді. Өйткені, не салық төлей алмайды, не балаларын үйге тіркеуге қоя алмайды екен.

Болатбек Дүйсенов, Панфилов аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

Госактіні дұрыс бермеуі мүмкін. Ол жағын түсінбедім. Өйткені, орман қоры жеріндегі жерлерді біз оған шешім шығаруға құқымыз жоқ. Бұл жерлер Үкіметтің қаулысымен ғана шығарылады. Тиісті құжаттар табиғатты қорғау мен реттеу басқармасына тапсырылған.

Болат Шежімбаев, Жаркент орман шаруашылығының қызметкері:

Орман шаруашылығы қорында орналасқан бұл жерді беру үшін Үкіметтің қаулысы керек. Біз қарсы емеспіз, оған беруге. Сол қаулы керек. Қалған документтері, құжаттары дайын. Сол қаулыны күтіп отырмыз.

Алайда, тұрғындардың айтуынша, араларында еш қаулысыз-ақ, дәл өздері секілді бір үйдің иесі құжаттарын заңдастырып алған көрінеді.

Зекей Базархан, Панфилов ауданының тұрғыны:

Сегіз үйдің ортасындағы бір үйді жекеменшікке шығарып берді. Заңды ретінде. Ал, бізде жоқ ондай. Біз барсақ, бітіре алмаймыз. 10 жыл болды біз айқайласып жатқанымызға. Жерімізді неге бермейді?!

Тұрғындарға енді тек, Үкімет қаулысын күтуден басқа амал жоқ. Алайда, қанша тосары белгісіз. Оған дейін орман шаруашылығы мекемесі жерді тартып алмаса болғаны деп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: