Министр сынынан соң Ақтөбе облыстық басқарма басшысы отставкаға кетті
Үкімет жиынындағы министр сынынан кейін Ақтөбе облысы жол басқармасының бастығы қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәлімбет Ибрашовтың отставкаға кеткені туралы ақпарат дәл сол күні, 6 сәуірде облыстық әкімшіліктің ресми аккаунтында пайда болды, деп хабарлайды "Диапазон".
Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов Үкәметте жиында жолдары нашар аймақтарды атаған болатын. Оның айтуынша, жолдарының сапасы бойынша ең төменгі көрсеткішке БҚО, Атырау және Ақтөбе облыстары жатады.
Басқармаға бүгіндері облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының экс-басшысы Айбек Кайер төраға болып тағайындалды.
Мәлімбет Ибрашов өз еркімен қызметінен кеткені айтылады.
Облыстық Автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы өзінің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан кетуге шешім қабылдағанын телефон арқылы растады.