Талғар қаласының әкімі отставкаға кетті

Талғар әкімі, Арыстанбек Әбілқайырұлы, отставка, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 21:27 Сурет: Instagram/talgarturgynui
Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығыма байланысты лауазымынан кету туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімдігінің желідегі парақшасында хабарланды.  

"Денсаулығыма байланысты өз қызметімді аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім маған оңайға соққан жоқ. Денсаулығыма байланысты біраз уақыт еңбек демалысында болдым. Денсаулық жағдайы қызметтік міндеттерімді толық әрі жауапкершілікпен атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды дұрыс деп санаймын", - деп жазды ол.

2024 жылғы желтоқсандағы сайлауда жеңіске жеткен Арыстанбек Әбілқайырұлы бұл лауазымын 1 жыл екі ай атқарды. 

Бұған дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі жаңадан тағайындалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: