Вакцина оразаны бұзбайды – Пірәлиева

Нұр-Сұлтан әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 15:10 Нұр-Сұлтан әкімдігі
Ораза кезінде зат ас қорыту жүйесіне ауыз немесе мұрын арқылы енсе, ол бұзылады.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева онлайн брифинг барысында халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау оразаны бұзбайтынын атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

COVID-19 вакцинасы оразаны бұзбайды. Себебі ораза кезінде зат ас қорыту жүйесіне ауыз немесе мұрын арқылы енсе, ол бұзылады. Ал инъекция және коронавирусқа қарсы вакцина енгізу жағдайында мұндай ешнәрсе болмайды, - деді Жанна Пралиева.

Сондай-ақ, ол қалаларда қосымша егу нүктелері құрылғанын еске салды. Сол сияқты ірі сауда орталықтарында жаппай вакцинация жүргізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған әрбір елордалықтың COVID-19-ға қарсы екпе алуға және өзін аурудан қорғауына мүмкіндігі бар.

Елорданың әрбір тұрғыны қаладағы және жалпы еліміздегі коронавирустық инфекция бойынша бүгінгі жағдайдың ауырлығына мән беруі қажет. Әрбір азамат ораза ұстайтын жақынын COVID-19 инфекциясын жұқтырудан қорғауы керек. Ал бұл үшін тиісті сақтық шараларын сақтау қажет. Нақтырақ айтқанда қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырмау және оған қатыспау, - деп қосты спикер.

Сонымен қатар, Жанна Пірәлиева Рамазан айында ораза ұстағысы келетін адам дәрігердің кеңесін алуы қажет екенін айтты.

Қауіп-қатерге душар болған адамдар, яғни жақында COVІD-19 инфекциясымен ауырған, созылмалы аурулары бар, қалқанша безінің проблемалары бар қарттар, жүкті әйелдер Рамазан айында ораза ұстағысы келеді. Мұндай жағдайда дәрігермен отыз күндік оразаның орындылығын туралы кеңесін алуы қажет, - деді спикер.

Жанна Пірәлиева өз сөзінде ораза ұстаушыларда аурудың алғашқы белгілері білініп, әлсіздік, иіс сезбеу секілді белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгініп, дәрігердің кеңесімен оразаны тоқтатуы керек екенін атап өтті.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: