Жаңалықтар тізбегі
0

Жедел жәрдемге көп қоңыраудың түсуі өткен аптада тіркелді - ДСБ

"Астана Моторс", сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 20:59 "Астана Моторс"
Тәулігіне 2 500-ден аса қоңырау түсті.

Жедел жәрдем қызметіне келіп түскен қоңыраудың көптігі сәуірдің 5-нен 11-і аралығында орын алды. Бұл туралы Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен аптада бізде 700-ден астам ковидқа шалдыққандар болды, осы аптаның алғашқы күні - бүгіннің өзінде бізде 610 жағдай. Жедел жәрдемге түскен қоңыраудың ең көбі өткен аптада тіркелді, тәулігіне 2 500-ден астам шақыру болды, кешегі жағдай бойынша қоңыраулар санының барлығы - 1 900-ге жуық.
Негізінде, бүгінде жедел жәрдем өзіне түскен ауыртпалықты жақсы еңсеріп жатыр. Сонымен қатар, емханалар күрделіліктің төртінші санатындағы қоңырауларға қызмет көрсетеді, емханалар күніне 400-500 қоңырауға жауап береді, - деді ол.

Алматы коронавирусқа шалдығушылардың күн сайын артуы бойынша рекорд жаңартуда. Бүгін қалада 610 жағдай тіркелді. Бұл - елімізде бір күнде тіркелген ковидке шылдығушылардың ең көп саны.

Сәуір айының басында ерік білдірген алматылықтар коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасата бастады. Денсаулық сақтау басқармасы бұл вакцинация бастапқы сынақ екенін хабарлады. Жаппай вакцинация қалада енді 13 сәуірде басталуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: