Петропавлда мерекелік демалыс күндері полицияға 1800-ден астам қоңырау түсті

Центр оперативного управления департамента полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 15:10 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Петропавлда мерекелік демалыс күндері "102" арнасына 1800-ден астам қоңырау түсті.

Петропавлда өткен мерекелік демалыстарды полицейлер тыныш деп бағалады. Дегенмен, мереке күндеріне тән оқиғалар болды.

31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін тыныштықты бұзу бойынша 31 шақырту тіркелді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары отбасылық жанжалдар мен тәртіпсіздіктерге қатысты 62 қоңырауға жауап берді.

Жалпы, бес күн ішінде "102" жедел арнасына 1880 қоңырау түсті. Мүлікті ұрлаудың 7 және алаяқтықтың 7 фактісі тіркелді. Петропавл қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Олар мереке күндері 181 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 124 дерек – жол қозғалысы ережелерін бұзу.

Айта кетейік, ұзақ демалыс күндері қала көшелерінде 38 түрлі оқиға тіркелген. Полицейлер ауа райының құбылмалы жағдайына байланысты жүргізушілерді ерекше сақ болуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: