Петропавлда ағашқа өрмелеп шыққан ер адам өздігінен түсе алмай құқарушылардың көмегіне жүгінді

Спасательная служба, спасательные службы, спасатели, спасатель, МЧС РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 12:08 Фото: Zakon.kz
Петропавлда құтқарушыларға ерекше қоңырау түсті – Новая көшесінде ер адам ағаштың тұтқынына айналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, жас жігіт жоғарыға өрмелеп шыққан, бірақ төмен түспекші болғанда, оның аяғы бұтақтардың арасына қысылып қалыпты.

"Әр минут сайын жағдай қауіптірек бола түсті: ол өздігінен аяғын шығара алмай қалған еді. Биіктік және үрей жағдайды қиындата түсті. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Уақыт жоғалтпастан, екі қызметкер ағашқа көтерілді. Олар ер адамның қысылып қалған аяғын сантиметрлеп, өте абайлап босатып, оның жерге аман-есен түсуіне көмектесті",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін түнде Астанадағы балалар ауруханасында өрт шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: