Анголада алтын кеніші опырылып, ондаған адам қаза тапты

Анголада алтын кеніші опырылып, ондаған адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 12:52 Сурет: magnific
Анголаның солтүстігіндегі Бенго провенция аймағында заңсыз алтын кенішінде болған көшкін салдарынан кемінде 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Xinhua агенттігінің жергілікті билікке сілтеме жасап жазуынша, қаза болғандардың 13-і бір отбасының мүшелері болған. Сонымен қатар тағы екі адамның із-түзсіз жоғалғаны айтылды. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Жергілікті әкімдік марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Полиция өкілі Гаспар Луиш Инасиудің айтуынша, апат орнында құтқару операциялары әлі де жалғасуда.

Ал Бенго орталық ауруханасының мәліметінше, кемінде үш зардап шегуші ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр.

"Олардың жағдайы тұрақты. Науқастар рентген тексеруінен өтті және дәрігерлердің бақылауында. Естері анық, басқа емханаларға ауыстыру қажеттілігі жоқ", – деп мәлімдеді дәрігерлер.

Бұл ретте, қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін екені айтылды. Кеніш аумағындағы іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін Пәкістанда теміржолда жарылыс болып, 16 адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: