Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда ер адам зейнеткер мен жүкті әйелді ұрған

Петропавл, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2023 12:44 Сурет: видео скрині
Петропавлда ер адам зейнеткер мен жүкті әйелді ұрған, оның үстінен үш әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мына "адам" бүгін менің әжеме және жүкті тәтеме шабуыл жасады, себебі жүкті әйел темекі шекпейтінін және темекісі жоқ екенін айтқан, ол он көлігін ұра бастаған, әжем кірберістен шығып, оған ұрса бастаған. Ол оған тап беріп, басынан жұдырықпен ұрды, бейтаныс ер адам әйелдерге қорғамақ болған, ол оны да ұрды. Кейін қызметкерлер келді, ол қызметкерлермен де алыспақ болды, оны алып кетті", - деп жазған видео авторы.

Полицияның мәліметінше, 5 тамызда сағат 09:06 шамасында полицияға Петропавлдағы Жамбыл көшесі, 286 мекенжайындағы үйдің ауласында бейтаныс ер адам мен осы үйдің тұрғындары арасында жанжал болғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына барғанда 36 жастағы ер адам полиция қызметкерлеріның заңды талаптарына бағынбаған.

Ер адамның ұстаған сәтте мас екені анықталды. Өзімен бірге жеке куәлігі болмаған.

Оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша, 492-бабы "Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" бойынша, 667-бабы "Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: