Семейлік оқушы Гонконг политехникалық университеті грантына ие болды

Ашық дерекөздерден алынды Ашық дерекөздерден алынды
Гонконг политехникалық университеті – әлемдегі үздік - 100, Азиядағы үздік 25 жоғары оқу орындарының қатарына енеді.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Нұртілеу Ережепов The Hong Kong Polytechnic University грантына ие болды, деп хабарлайды zakon.kz altaynews.kz-ға сілтеме жасап.

Гонконг политехникалық университеті – әлемдегі үздік - 100, Азиядағы үздік 25 жоғары оқу орындарының қатарына енеді. Нұртілеудің бірнеше оқыту бағытын қамтитын университетті таңдауы тегіннен-тегін емес. Өйткені – аталған оқу орны студентті оқыта жүріп, үйренгенін іс-тәжірибе сынап көруге мүмкіндік береді.

- Менің алдымда 4 түрлі жол тұрды. Болашақ еңбек ететін саламды ескере отырып, білімімді жетілдіру үшін дұрыс таңдау жасап, тиісті орындарға құжаттарымды жөнелттім. Солардың ішінде қоғамдық – гуманитарлық Линнань университеті (Lingnan University немесе LU ), Гонконг баптист университеті (Hong Kong Baptist University немесе HKBU) және Гонконг политехникалық университеті (The Hong Kong Polytechnic University), Матвей Корвин атындағы Будапешт университеттері (Corvinus University of Budapest) бар. Дәл қазіргі уақытта Гонконг политехникалық университетінің толыққанды студенті атануға мүмкіндігім бар. Бірақ әзірге нақты шешім қабылдағаным жоқ, - дейді Нұртілеу Ермекқазыұлы.

Болашағын экономика, бизнес салаларына арнауды мақсат етіп отырған Нұртілеудің ой үстінде жүруінің себебі бар. Өйткені, ол Мажарстан (Венгрия) үкіметінің Қазақстан азаматтарына арналған "Stipendium Hungaricum" стипендиялық бағдарламасына қатысып, іріктеуден өткен. Енді сынақтың келесі кезеңін күтіп отыр.Оның пікірінше, таңдаған мамандығын оқытуда жоғарыда аталған оқу орындарының бағдарламалары сапалы көрінеді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-04/1618223471_n-rt-leu-erezhepov.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз