Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордалық 2732 түлек білім грантына ие болды

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2018 22:45 Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Облыстағы көрсеткіш бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 100 және оданда жоғары балл жинап білім беру грантын иелене алмаған 102 бала бар.

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітіруші 7113 түлектің 4742-і қатысқан. Бұл көрсеткіш 66,7 % ды құрап отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен облыс бойынша түлектердің орташа балы 85,82%. Аймақта 100 балдан жоғары жинаған бала саны өткен жылдармен салыстырғанда 30% ға өскен. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақзира Қасымова мәлімдеді. Бұл туралы zakon.kz, Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылы білім беру грантын иеленгендердің саны – 2732 болса, 751 түлек «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен, ал облыс әкімінің грантымен – 205 жас білім алатын болады.

Сондай-ақ, грант иегерлерінің 1236-ы техникалық ғылымдар және технология мамандықтары бойынша, 696-педагогикалық мамандық, 283-ауыл шаруашылығы саласы бойынша оқуға түсті. Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласына 207, қызмет көрсету- 155, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес - 113, өнер саласы бойынша - 42 грант қызылордалық жастарға тиесілі.

Ал меморандум бойынша Ресей Федерациясының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының грантын иеленгендер саны – 70. Нақтылап айтқанда, К. А. Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясы, Мәскеу энергетикалық институты, Санкт-Петербург мемлекеттік өндірістік технология және дизайн университеті бітіруші түлектерді оқуға қабылдайды.

Сонымен қатар, еліміздегі оқу орындары ректорларының 43гранты бөлініп, жоғарғы әскери оқу орындарына 39 түлек түскен. Ал шет елдерде білім алу мүмкіндігіне ие болғандардың саны – 29 құрады.

"Айта кететін тағы бір жайт, биылғы оқу жылында Астана қаласы ЕврАзЭС Парламентаралық Ассамблея жанындағы Санкт-Петербург университетімен облыс әкімдігі арасында жасалған Меморандумға сай аталған білім ордасы 10 түлегімізге білім беруге әзір", - деді А.Қасымова.

Облыстағы көрсеткіш бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 100 және оданда жоғары балл жинап білім беру грантын иелене алмаған 102 бала бар. Шекті деңгейден өте алмаған түлектерге тамыз айының 14-19 аралығында және 2019 жылдың қаңтар айынан бастап ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігіне ие.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2018 22:45

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: