Павлодарда екі жаяу жүргіншіні қаққан келіншек 2,5 жылға сотталды

12 Сәуір 2021, 16:38
Сурет: pavlodarnews.kz

Павлодарда екі жаяу жүргіншіні қаққан әйелге қатысты сот үкімі шықты. BMW автокөлігінің тізгінін 28 жастағы келіншек басқарған, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 2020 жылдың 10 қарашасында облыс орталығындағы Сәтбаев көшесінде болған.

Жаяу жүргіншілер жолағымен жолдан өтіп бара жатқан екі әйелді тағы бір келіншек тізгіндеген көлік қақты. 66 жастағы павлодарлық әйелдің денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтірілді. Екінші жаяу жүргінші, 63 жастағы әйел ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Сотталушының кінәсі оның айғақтарымен және жәбірленушілермен, сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді. Жүргізуші өзінің кінәсін толығымен мойындады.
- Сот азамат К.-ны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқарумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы үкім шығарды, - деп хабарлады Павлодар қаласының №2 сотының соты Жанар Тұрлыбаева.

Автокөлік жүргізушісі жазасын ең төменгі қауіпсіздігі бар қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сотталған келіншектің алты жасар ұлы мен 66 жастағы анасын асырап отыр. Сот қаулысымен олар жақын туысының қарауына берілді.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарының бір бөлігін қанағаттандырды. Олардың пайдасына сотталушыдан моральдық және мүліктік зиянды өтеу ретінде 4 087 138 теңге өндірілді.

Жүргізуші келіншек сот залында қамауға алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?