Қасиетті Рамазан айының басталуымен Асқар Мамин құттықтады

13 Сәуір 2021, 09:03
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мұсылмандар қауымын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Рамазан айы адамдарды ниет тазалығына, жанашырлық пен мейірімділікке, сабырлылық пен өзара түсіністікке, жақындарына қамқорлық жасауға және мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді.

Рамазан мұсылмандардың ғана емес, еліміздегі басқа дін өкілдерінің де басын біріктіріп, Қазақстан халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын нығайта түседі.

Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, татулық және игілік тілеймін. Жаратушы жамағатының барлық дұғаларын қабыл етіп, игі істерінің сауабын жазсын! - делінген құттықтауда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?