Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей Түркиямен арадағы әуе рейстеріне шектеу қойды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 16:27 Сурет: zakon.kz
Сонымен қатар, Ресей мен Танзания арасындағы рейстер 15 сәуір мен 1 маусым аралығында тоқтатылады.

Ресей коронавирус инфекциясының жаңа толқынының алдын алу үшін15 сәуір мен 1 маусым Түркиямен арадағы тұрақты және чартерлік әуе рейстеріне шектеу қойды, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Біз Ресейдің халықаралық әуежайларынан Түркия Республикасының әуежайларына және қарсы бағытта қатынайтын тұрақты және чартерлік рейстерді биылғы жылдың 15 сәуірінен бастап 1 маусымына дейін шектеу туралы шешім қабылдадық. "Титан-2" концерндік акционерлік қоғамының атом электр станциясының құрылысына қатысу үшін <...>, Ресей азаматтарын Түркия Республикасының аумағындағы демалыс орындарынан алып қайтуға қажетті бағыттарды қоспағанда. Сондай-ақ аптасына өзара келісімдегі екі рейс қала береді: Мәскеу - Ыстамбұл, Ыстамбұл - Мәскеу, - деді РФ Премьер-министрінің орынбасары Татьяна Голикова.

Сонымен қатар, Ресей мен Танзания арасындағы рейстер 15 сәуір мен 1 маусым аралығында тоқтатылады.

Эпидемиологиялық деректерді талдау негізінде біз Біріккен Танзания Республикасымен әуе қатынасын 15 сәуір мен 1 маусым аралығында тоқтату туралы шешім қабылдадық, деді вице-премьер.

Егер осы елдердегі коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанса, Танзаниямен және Түркиямен әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі.

Ал егер Түркия Республикасы мен Танзания Республикасындағы жағдай тұрақталса, онда біз өз азаматтарымызға бұл жайынан жедел ақпарат беріп, ел азаматтарының осы мемлекеттерде демалу үшін турлар сатып алуын қарастыруға мүмкіндік туады, - деді Голикова.

Ресейлік туроператорларға Түркияға саяхаттау үшін турларды сатуды 15 сәуір мен 1 маусым аралығында тоқтатуға кеңес беріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: