Алматыда екі кісі өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі әйел 5 жылға сотталды

13 Сәуір 2021, 11:57
Сурет: inform.kz

Алматыда кісі өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек, Toyota Land Cruiser Prado көлігін тізгіндеген әйел шығыс бағытта, Ескараев көшесімен келе жатып, "жол бер" белгісін елемей Розыбакиев көшесін қиғанда солтүстік бағыттан келе жатқан Lexus GX- 300 автокөлігімен соқтығысты. Ауыр соққыдан Lexus ұшып барып, бар инерциясымен жол шетінде тұрған төрт жаяу жүргіншіні іліп кетті. Олардың бірі - 1992 жылғы азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында, 1994 жылғы тағы бір жаяу жүргінші ауруханада қайтыс болды.

Басқа зардап шеккендер медициналық мекемелерге жатқызылды.

Алматы қаласы Бостандық аудандық соты әйелді екі адамның өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға үшін кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?