Алматы облысында кісі өліміне әкеліп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Zakon.kz
Екі жүргізуші жарақат алып, 11 жасар бала көз жұмған Алматы – Бесмойнақ тас жолындағы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 шілдеде сағат 12: 05-те Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Алматы – Жандосов – Бесмойнақ тас жолында жол апаты орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнында Toyota Camry көлігін тізгіндеген 39 жастағы азамат Алматы – Жандосов – Бесмойнақ тас жолымен батыс бағытта келе жатқаны анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, "ВАЗ" Lada-21114 көлігімен соқтығысқан. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция анықтағандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында "ВАЗ" көлігінің кәмелетке толмаған жолаушысы көз жұмды. Екі жүргізуші де түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тағайындалған сот сараптамаларының қорытындысы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процессуальдық шешім қабылданатын болады. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript