Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда ауруханадағы бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бала өлімі, Қостанай, магнит тас, жұту, дәрігерлер, қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2024 11:10 Сурет: primeminister.kz
2024 жылдың шілдесінде Қостанай облыстық балалар ауруханасында ойыншық магнит тастарды жұтып қойған үш жасар бала көз жұмды. Дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 7 шілдеде Қостанай облыстық балалар ауруханасына Рудныйдан "денедегі бөтен зат" диагнозымен үш жасар бала келіп түсті.

Рентгенограммада бір-біріне жабысқан 10 дөңгелек магнит көрінді. Олардың бірнешеуін дәрігерлер өз бетімен ала алды, қалғандарын хирургиялық жолмен алу туралы шешім қабылданды, бірақ 10 шілдеде бала ота кезінде жан тапсырды.

"Қостанай қалалық полициясының солтүстік бөлімінде 10 магнит тасты жұтып қойған кішкентай Сашаның өлімі фактісі бойынша дәрігерлерге қатысты қылмыстық істің тіркелуіне қол жеткіздік. Енді сот-медициналық сараптама және фармацевтикалық бақылау комитетінің қорытындысы негізінде тиісті медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлерге қатысты тергеу жүргізілетін болады", – деп жазды отбасының адвокаты Дамир Хамитов Facebook-те.

Іс ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-бөлігі, "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Бұған дейін адвокат баланың өлімі фактісі бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің мамандары жүргізген тексеру қорытындысын жариялаған. Онда балаға диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын бұза отырып, емдеу шаралары дұрыс жасалмағаны көрсетілген.

2024 жылы 20 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны гаражда босанып, жаңа туған сәбиді қорапқа салып, сол араға тастап кеткен. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: