Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды

Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2025 13:05 Сурет: Zakon.kz
Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында "бомба" бар деп жолаушыларды қорқытқан.

Аталған факт бойынша үш қылмыстық іс қозғалды:

  • Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) - мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
  • Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) - 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
  • Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) - 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Ведомствода хабарлағандай, оқиғаның мән-жайын тексеру үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексерілуде.

Негізгі назарда:

  • осал тұстарды анықтау;
  • қауіптің алдын алу;
  • бақылауды күшейту;
  • әрекет ету алгоритмін жетілдіру;
  • күзет қызметкерлерін оқыту;
  • құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: