Алматы полициясы арбаларды өртейтін "маньяктың" пайда болғанын жоққа шығарды

14 Сәуір 2021, 14:38
Сурет: Pixabay

Бірнеше күн бұрын Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада тұрғын үй подъездерінің кіре берісіне қалдырылатын бала арбасы сынды заттарды қасақана өрттеуші қаскөй пайда болғанын мәлімдеді. Алматы қалалық ПД бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов өрт қоюшыларды ұстау үшін арнайы топ құрылғанын айтты. Сонымен бірге ол қалада жаппай өрт қою фактісі, әсіресе балалар арбасын өртеудің болмағанын айтты.

Алматы полициясы басшысының айтуынша, "102" нөміріне үш қоңырау ғана түскен: Бостандық ауданында өрттің бір фактісі және екеуі - Алмалы ауданында.

Таймерденов от қоюшы бір апта ішінде табылып, сот алдында жауап береді деп сендірді.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылы қаланың төрт ауданында (Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу) 15 өрт тіркелгенін, онда да бірінші қабаттардың кіреберісінде қалдырылған балалар арбалары мен басқа заттар өртенгенін хабарлаған.

Жүргізілген тексеру шаралары бойынша өрттің барлық жағдайларында қасақана өрт қойылғаны анықталды. Қазіргі уақытта материалдар Алматы полиция департаментіне өткізілді, деп атап өтті ТЖД-дағылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?