Ақмолада аяғы ауыр әйелді әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылған

15 Сәуір 2021, 10:07
Сурет: almaty.tv

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқан кім екені тексерілуде, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Желіде фельдшерлер түсірген видео тарады. Олар қызметтік көліктің бүйір терезесін тесіп өткен оқтың орнын көрсетті.

Оқиға Щучье қаласында болған. Жедел жәрдем көлігі қызметкерлерінің өзі аң-таң.

Шоссейная көшесімен келе жатқанбыз. Бір уақытта тарс еткен қарудың дыбысы естілді. Ештеңе ұқпай қалдық, - дейді видеодағылар.

Оқ жедел жәрдем көлігінің бүйір тезересін тесіп өткен. Бақытқа орай, оқ ешкімге тимеген. Тек аздап шошынып қалған 26 жастағы аяғы ауыр келіншек аман-есен ауруханаға жеткізілді. Ал тәртіп сақшылары жедел жәрдемге оқ атқан адамды іздеуге кірісті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?