Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл тұрғыны бұрынғы әйелінің жылқысын ұрлап, 170 мыңға сатып жіберді

ТО ПД-ның баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2021 19:53 ТО ПД-ның баспасөз қызметі
Жылқы қазір 400 мың теңге тұрады.

Түлкібас АПБ-на жергілікті тұрғын әйел түнгі уақытта белгісіз тұлғалардың ауласына кіріп, 1 жылқысын алып кеткені туралы арызданған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы 400 мың теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мал ұрлығын ашу мақсатында Түлкібас АПБ-нен аса тәжірибелі полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер учаскелік инспекторлармен бірге жақын маңдағы барлық жайылымдар мен шаруашылық аулаларды аралап, куәгерлерден сұрастырып, үй малын тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексеріп, барымташыларды іздестіру және ұстау бойынша басқа да іс-шараларды жүзеге асырды. Бір күннен кейін жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Түлкібас АПБ полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын азаматты ұстады. Ұсталғанды аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында күдікті азамат жәбірленушінің бұрынғы азаматтық некедегі жолдасы болып шықты. Ол мал ұрлығын пайдакүнемдік мақсатта жасағанын мойындады. Содан күдікті азамат жылқыны өз танысына 170 мың теңгеге бағалап, сатып жібергені белгілі болды. Ұрланған жылқыны тәртіп сақшылары тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті азамат қолхатта. Полицейлер оқиғаның мән-жайын және мал ұрлығынан басқа да ұқсас қылмыстарға қатысын анықтап жатыр.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болуға және үй малын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер, сіз, біреудің мүлкін ұрлаудың немесе мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: