Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі, Алматы, ШҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2024 12:43 Сурет: Zakon.kz
Сейсмолог мамандар бүгін, 2024 жылы 27 сәуірде Қазақстан территориясында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 7:44-те жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында сезілді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда Қазақстан территориясында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісінің координаттары – 49,27°ш.б. 84,91°с.е. Тереңдігі – 20 км", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 15 сәуірде жапон сейсмологтары соңғы қатты жер сілкінісін зерделеу үшін Алматыға келетіні хабарланған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: