Екпе салдыртқан күні адамды жұмыстан босата ма - вице-министр жауабы

15 Сәуір 2021, 17:36
Сурет: delo.ua

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғаннан кейін бір күн жұмысқа келмеуге болатын-болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Иә, қазір жаппай вакцинация жүріп жатыр. Бұл өте дұрыс шара, өйткені кез-келген кәсіпорынның, тіпті біздің ұйымның арғы қарайғы жұмыс істеу тәртібі вакцинация көлеміне байланысты, - деді Біржанов ОКҚ-да өткен брифингіде.

Ол министрлік қызметкерлеріне де екпе салынғанын, барлығы одан соң жұмыс орнына оралғанын айтты.

Өзін нашар сезінуге келетін болсақ, оның айтуынша, ондай адамдар онша көп емес.

Әрбір ағза өзінше біртүрлі. Егер қандай да бір жанама әсерлер пайда болса, мысалы екпе алған соң 30 минуттай адам дәрігер бақылауында болады. Кейбір жағымсыз әсер байқайлса, онда сол арада дәрігер көмегіне жүгіне алады. Егер дәрігер оны қарап, қандай да бір ауру белгілерін анықтаса, онда ол адамға демалыс парақшасын ашуға болады. Мұның бәрі жеке-жеке қарастырылады. Екпе салдыртқандардың барлығына демалыс күнін бөлу, менің ойымша, орынсыз секілді, - деп түсіндірді вице-министр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?