Министр су тасқынына байланысты депутат сынына жауап берді

15 Сәуір 2021, 17:45
Сурет: primeminister.kz

15 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің еліміздегі су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Егер қар жамылғысының жай-күйі туралы айтатын болсақ, ақпанның аяғында – наурыз айының басында ауа-райының қолайсыздығы тудырған қар құрсауының қалдық құбылыстары байқалады", — деді Ильин.

Қар құрсауының қалдық құбылыстары Ақмола, Солтүстік Қазақстан, ішінара Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының тау бөктері, таулы аудандарында тіркелді. Төтенше жағдайлар министрі атап өткендей, осы жылдың ақпан айында алдын ала дайындық аясында Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия мен Үкіметтің отырыстары өткізілді, өңірлердің әкімдері мен мүдделі органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Алдын ала жүргізілген жұмыс бүгінде елді мекендерде су басу қаупі барынша азайтылғанын айтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 212 қорғау іс-шараларын іске асыра отырып, 2023 жылға дейінгі жол картасы іске асырылуда.

Су тасқыны кезеңінің басынан бері температураның күрт көтерілуіне байланысты Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы 46 тұрғын үйді еріген қар суы басып қалды.

Сондай-ақ республика өңірлерінде Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы әртүрлі маңызы бар автомобиль жолдары арқылы 67 су тасуы орын алды.

"Орын алған жағдайды ескере отырып, мен наурыз айының соңында жұмыс сапарымен барған ШҚО аумағында Қарағанды гарнизонының әскери бөлімін көшіру туралы шешім қабылданды, олар қазір елді мекендерде су тасқыны жағдайының алдын алу мәселелерімен байланысты жұмысты жалғастыруда. Жағдайды қалыпқа келтіргеннен кейін, бір апта ішінде әскери бөлім тұрақты орналасу орындарына көшіріледі деп ойлаймын", — деп толықтырды министр Ильин.

Биылғы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Новопокровка ауылында қарқынды қардың еруі нәтижесінде екі көше мен 37 ауланы еріген қар суы басты. Сол күні 90 тұрғын эвакуацияланды. Сол күні Түркістан облысының Төле би ауданында Ащы су қоймасы бөгетінің орта белдеуінде көлемі 2,5-3 метр болатын ағыс пайда болды. Осыған байланысты, жалпы халық саны 14 570 адамды құрайтын Жаңа жол, Первомайск, Зағанбар және Тағайна елді мекендеріне қауіп төнді. Шұғыл тәртіпте халық құлақтандырылды, эвакуациялау пункттері дайындалды, өңір қызметтері дайын болды.

Әкімдікпен бірлесіп Бадам өзеніне жиналған суды босату және қауіпсіз өткізу бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күні дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында қатерді жоюға мүмкіндік туды. Осы жылдың 11 сәуірінде республикалық маңызы бар "Макинск – Ақсу – Торғай" автожолында еріген қар суының салдарынан көлемі 4,5-тен 2 метрге дейінгі екі су өткізу құрылғысы (тюбингтер) шайылып, ені 50 метр, тереңдігі 7 метр жол төсемі шайылды. Қазіргі уақытта жол қызметтері уақытша айналма жол салуда (17 адам, 15 бірлік техника тартылды, 20 күні аяқтау жоспарлануда).

Биылғы 12-14 сәуір аралығында су деңгейінің күрт көтерілуіне және Тімтуір өзенінің төгілуіне байланысты Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылындағы 39 тұрғын үй мен 65 ауланы су басты. 69 адам эвакуацияланды,оның 15-і эвакуациялық пунктте, қалғандары – туыстарында. Осы жылғы 14 сәуірде Вячеслав су қоймасының белсенді су тастауы мен Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек Жолы кентінің 12 аула аумағын су басты.

Қазіргі уақытта әкімдікпен бірлесіп, су шаю орнында инертті материал төселді, үйінді білікті нығайтуға арналған қап төселді және су сору жұмыстары жалғасуда. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін ТЖМ өрт-құтқару бөлімшелері мен әскери бөлімдерінің күштері қосымша тартылды.

Сондай-ақ 13 сәуірде Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Ақмола облысының әкімі және экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында елорданың шекара маңындағы аудандарын әуеден бақылады. Астана су қоймасының, контрреттегіштің және Преображенск су торабының жай-күйі зерттелді.

"Аэровизуалды ұшып қапау Нұр-Сұлтан қаласының маңында жағдай тұрақтанғанын көрсетті. Аула аумақтарын су басқан Қоянды кентінде жұмыстар жалғасады. Қазір халық өз үйлеріне оралды. Жағдай алаңдаушылық туғызбайды", — деп сендірді ТЖ министрі.

Сондай-ақ Атбасар қаласындағы ахуалға мониторинг жүргізілуде, онда қазір су шығынының дағдарысты деңгейі байқалады. Сергеев су қоймасы белсенді түрде толтырылуда және суды ағызу жұмыстары жүргізілуде. Күн сайын құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 800-ден астам адамы, шамамен 300 бірлік техникасы және 100-ден астам су сорғыш құралдары тартылады. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының құтқару топтарын күшейту үшін Павлодар, Қарағанды және Қызылорда облыстарының өрт-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары (жалпы саны 146 адам, 31 бірлік техника және су сорғыш құралдар) тартылды.

Жалпы, ЖАО және ТЖМ бөлімшелері күшімен: 345 779 м3 еріген су тартып шығарылды; 655,9 м су өткізу арналары мен арықтар тазартылды; инертті материалы бар 5400 қап төселді. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан (77%), Ақмола (59%) және Қостанай (41%) облыстары қар жамылғысының астында қалып отыр. Бұл өңірлерде 9 мыңнан астам адам тұратын 81 елді мекенде (барлығы 276) су басу қаупі сақталып отыр. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз жүру процесі жалғасуда. Мұз кептелісін болдырмау үшін Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 119 мұз жару жұмыстары жүргізілді, 18 тоннадан астам жарылғыш заттар жұмсалды. Су тасқыны кезеңінің өтуі ерекше бақылауда, елді мекендерді су басу қаупін азайту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрі өрт қаупі бар маусымның басталғанын да еске салды. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 7 орман өрті және дала алқаптарының 43 жануы тіркелді (өрттің жалпы ауданы 217 гектардан асады). Орманды дала өрттері Алматы қаласында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында орын алды.

ТЖМ-де су тасқынының басталуымен қандай жағымсыз салдарлар болжанатыны туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ю. Ильин ел аумағының 10%-дан азында қар жамылғысы қалғанын, қардың көптеп еріп жатқанын айтты.

"Вячеслав су қоймасында судың көптеп тасу қаупі бар. Бұл 42-ші разъезд және Жібек Жолы кенті елді мекендердің тұрғындары үшін қауіпті. Қазір "Астана" контрреттегішіндегі жағдай қадағалануда, қазір онда 36 млн текше метр су толлған. Оның сыйымдылығы 400 млн текше метрден астам суды кедергісіз, қатерсіз ұстауға мүмкіндік береді. Жағдай бақылауда. Атбасар қаласында судың көп көтерілуін ескере отырып, жер үйіндісін нығайту бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті жерлерде бөлімшелер кезекшілік етеді. Жағдайдың асқынуы күтілмейді", — деді Ильин.

Оның айтуынша, келесі аптада болжанып отырған ауа температурасының күрт төмендеуі қауіп пен су айдындарына су ағынын азайтуға мүмкіндік береді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?