Үкімет су тасқынымен күреске жылда қанша ақша бөледі - вице-министр жауабы
Соңғы үш жыл ішінде су тасқынының алдын алу мен оны жоюға 30 миллиард теңге бөлінген. Жалпы алғанда, 2020 жылға дейін (қоса алғанда) 70 млрдт теңге жұмсау жоспарланған. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитеті отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заң жобасын қарау кезінде ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Естеріңізге сала кетейік, елді-мекендерді көктемде қызыл судан, су тасқынынан қорғау мақсатында "2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша шаралар кешені" туралы Жол картасы қолға алынған. Онда 521 шараны жүзеге асыру қарастырылған. Қаржыландыру көлемі - 70 миллиард теңге. Оның бір бөлігі республикалық бюджеттен, тағы бір бөлігі жергілікті бюджеттен бөлінді.
Нәтижесінде, 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін 30 млрд теңгеден астам сомаға 412 Жол картасы шаралары жүзеге асырылды. Шамамен 13 миллиард теңге республикалық бюджеттен, 17 миллиард теңгеден астамы жергілікті бюджеттен бөлінді.
Жол картасы бойынша іс-шараларды жүзеге асырған үш жылдың ішінде 1046 елді-мекеннің 724-і бойынша қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік туды. Бұл жұмыстар әлі аяғына жеткен жоқ, биыл да оны жалғастырамыз, бағдарлама толығымен орындалады деп сенеміз. Бір ыңғайсыз жайт, 2019 жылы біз 36 шараны жүзеге асырылмаған (ең алдымен Түркістан облысы аумағында (11)). Соның салдарынан бұл қауіп биыл да туындап, елді-мекендерді су басуы мүмкін, - деді Ильин.
Оның сөзіне қарағанда, Жол картасында көрсетілген іс-шаралардың уақытында орындалмауының себебі қаржының уақытында бөлінбеуі, жобалық-сметалық құжаттаманың дер кезінде әзір болмауы және Жол картасының кеш орындалуы.
Бұл іс-шаралар қадағалауға алынған, сондықтан биыл әкімдіктер осы шараларды қолға алып, жүзеге асырады деп сенеміз, - деп сөзін толықтырды министрдің бірінші орынбасары.
Оның айтуынша, 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықта 515 шақырым қорғаныс бөгеттері мен қоршаулар салынды, 508,шақырым қорғаныс құрылымдары жөнделді, 537,1 шақырым тасқын су бұзған өзеннің арналары тазартылды, шұңғырлар қазылып, бөгеттер қалпына келтірілді.