Вице-министр: Көктемгі су тасқыны кезеңіне 50% дайынбыз
Фото: primeminister.kz
"Су тасқыны кезеңіне 50% дайынбыз". Бұл туралы Су ресурстары және ирригация вице-министрі мәлімдеді.
Айтуынша, көктемгі маусымға дейін дайындық 100% жүргізіледі. Көршілес елдермен келіссөздер де оң нәтиже беріп жатыр. Ресей, Қытай, Қырғызстан мемлекеттерімен тұрақты байланыс үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Сондай-ақ, жақында "Тасқын" ақпараттық жүйесі іске қосылады. Онда елдегі 135 өзен бойынша нақты болжамдар жарияланады. Республика көлемінде 400-ге жуық бөгеттер жөнделіп, 84 елдімекенде қорғаныс бөгеттері тұрғызылды.
Ал су қоймаларына бұрын-соңды болмаған реконструкция жасалып жатыр. Нақтырақ айтсақ, 3 су қоймасы күрделі жөндеуден өткен. Ал "Астана" және Шығыс Қазақстандағы "Қандысу" қоймаларын қайта жаңғырту үшін дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript