"Самұрық-Қазынаға" қоғаммен байланыс жөніндегі директор тағайындалды

16 Сәуір 2021, 09:40
Сурет: "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі директоры болып Марат Мұхамедсалиев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Марат Мұхамедсалиев БАҚ және PR саласында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр жылдары "Хабар", "Қазақстан", АстанаТВ телеарналарында жаңалықтар мен талдау бағдарламаларының редакторы, жүргізушісі болды.

2000 жылы "Kazakhoil" ҰМК Баспасөз қызметі басшысының орынбасары, 2003 жылы "ҚазМұнайТеңіз" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры, 2004-2005 жылдары "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ – да қызмет атқарды.

2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "KEGOC" АҚ (2007-2013), "Самұрық-Энерго" АҚ (2013-2018) және "Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ (2018-2020) сияқты компанияларда баспасөз хатшысы болды. 2020 жылдың қаңтарынан бастап "Ғылым қоры" АҚ қоғаммен байланыс саласында жұмыс істеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?