Жаңалықтар тізбегі
0

Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы болды

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 17:25 inbusiness.kz
Ол Алик Шпекбаевтың орнына келді.

Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", делінген Ақорда сайтында жарияланған Қаулыда.

Мемлекет басшысының бұйрығымен Марат Ахметжанов Бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылды.

Ал, Президент жарлығымен Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.

Ахметжанов Марат 1964 жылы 22 желтоқсанда Ақшатау ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді, заңгер, 3-сыныпты әділет кеңесшісі, генерал-майор.

Дзюдодан спорт шебері.

Еңбек жолы:

1991-1993 жылдары - Қарағанды облысы Теміртау қалалықпрокуратура органдарында әртүрлі қызмет етті;

1993-1997 жылдары - ҚР Бас прокуратурасында қызметі етті;

1997-1998 жылдары - ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті, кейін Қазақстан ІІМ әскери-тергеу департаментінде тергеу басқармасының бастығы;

1998-2001 жылы - ҚР ІІМ Тергеу департаменті директорының орынбасары, ҚР Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары;

2001-2003 жылдары - ҚР Бас прокуратурасы Алдын ала тергеу мен зерттеудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы;

2003-2006 жылдары - Павлодар облысының прокуроры;

2006-2009 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры;

2009-2012 жылдары - ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы;

2012-2014 жылдары - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары;

2014-2016 жылдары - Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы;

2016 жылдың қаңтарынан маусым айына дейін - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы;

2016 жылдың маусым айынан бастап ҚР Бас Прокурорының орынбасары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: