Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы қайтыс болды
![агенттіктің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2021 15:38](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-62f701ab-b7c8-486f-8e03-ac36bb1b753c/800x452.webp)
Төлеген Байғұловтың коронавирустан қайтыс болғаны хабарланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қайғылы хабар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
"Иманды болсын! Қайтпас қайсар, патриот жан еді. Бүгін сұмырай COVIDтен қоғам белсендісі, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық Адалдық алаңы кеңесінің жетекшісі, досымыз Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жаннатта болсын", деп жазды ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript